Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

«Мемлекеттік қызмет: жастар уақыты»

Апр 25, 2025

2025 жылдың 25 сәуірінде академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Студенттер» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мемлекеттік қызмет: жастар уақыты» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының студенттері мен колледж студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты: кәсіптік бағдар беру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Іс-шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бөлім бастығы, Салықбаев Ерлан Амандықұлы Қостанай облысы мемлекеттік қызметшілерінің сапалық және кадрлық құрамының жоғары деңгейін, бос жұмыс орындары мен жаңашылдықтар туралы — мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде жоғары оқу орындарын ойдағыдай бітірген түлектер, GPA көрсеткіштері, олардың 3,33 баллдан жоғары аудандық және ауылдық деңгейдегі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалу мүмкіндігі бар, сонымен қатар конкурс жеңімпаздарына мемлекеттік қызметке қабылдау тақырыбы бойынша бейнероликтер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды