2025 жылдың 10 сәуірінде академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік—техникалық университетінде студенттік ғылыми конференция аясында секциялық жұмыс өтті!
Модератор: доцент Комиссарова О.В.
Хатшы: доцент Ажибаева Г.М.
Өтетін орны: №1 ғимарат, №714 аудитория
Қатысушылар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша баяндамаларын ұсынды:
1. Маденов Ф.М., «Қаржы» білім беру бағдарламасының магистранты
Тақырыбы: «Несиелік тәуекелдің классификациясы»
Ғылыми жетекшісі: Байқадамов Н.Т., профессор, экономика ғылымдарының кандидаты
2. Маусымбаева Ж.С., «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенті
Тақырыбы: «Жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту»
Ғылыми жетекшісі: Ажибаева Г.М., доцент, магистр
3. Рахымжанов Н.К., «Қаржы» білім беру бағдарламасының магистранты
Тақырыбы: «Кәсіпорынның табыстылығын басқарудың негізгі аспектілері»
Ғылыми жетекшісі: Байқадамов Н.Т., профессор, экономика ғылымдарының кандидаты
4. Таспаева А.Н., «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті
Тақырыбы: «Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар: тенденциялар мен перспективалар»
Ғылыми жетекшісі: Ажибаева Г.М., доцент, магистр
5. «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенті Ягафаров Ю.
Тақырыбы: «Қазақстандағы туристік нарықты дамытудың негізгі көрсеткіштері»
Ғылыми жетекшісі: Баймухамедова Г.С., профессор, экономика ғылымдарының кандидаты
6. Абдрахманова Б.С., «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының студенті
Тақырыбы: «Атаулы әлеуметтік көмек халықты материалдық қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде»
Ғылыми жетекшісі: Мұстафина А.С., доцент, экономика ғылымдарының кандидаты
7. Ковалев К., «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенті, 3 курс
Тақырыбы: «Тұрақты даму мақсаттарын қаржылық есептілікке интеграциялау: сын-қатерлер мен перспективалар»
Ғылыми жетекші: Кузбагарова Л.А., аға оқытушы
Баяндамашылар мен олардың ғылыми жетекшілерін табысты баяндамаларымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта ғылыми жеңістер тілейміз!