Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

«Жұмабек Тәшенев — Көрнекті мемлекет қайраткері» атты ашық дәріс

Мар 31, 2025

2025 жылдың 31 наурызында академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу залында Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 110 жыл толуына орай «Жұмабек Тәшенев — Көрнекті мемлекет қайраткері» атты ашық дәріс өтті.

Дәрістің мақсаты көрнекті қоғам, саясат және мемлекет қайраткері, өз елінің жалынды патриоты Тәшенев Жұмабек Ахметұлының рөлін бағалау болды.

Дәрісте баяндамашылар сөз сөйледі:

Борисова Анна Петровна — гуманитарлық ғылымдар магистрі, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдығына»;

Жолболды Ұлнар — «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті. Тема доклада: «Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенев»;

Балабаева Дильназ — «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Жұмабек Тәшеневтің қазақ мәдениетін сақтауға қосқан үлесі».

Сондай—ақ, іс-шарада «Өткеннің нұры — аумақтық тұтастығын қорғаған Жұмабек Тәшенев» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.

Барлық баяндамашыларға сертификаттар табысталды