Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов құттықтаудан кейін университет ректоры Р.Б. Абдуллинге, проректор М.С. Абиловаға, кеңесші Қ.Қ. Жаманбалинге салалық марапаттарды және университет оқытушыларына Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамоталарын табыс етті.
Университет ректоры Р.Б. Абдуллин университет басшылығынан білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін университет оқытушыларына алғыс хаттар мен студенттерге оқу, ғылыми қызметтегі жоғары нәтижелері үшін мақтау қағаздарын табыс етті.
Іс-шара белгілі әртістер мен музыканттардың орындауындағы концертпен аяқталды.
Республика күнінің 35 жылдығына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына арналған салтанатты іс-шара — егеменді еліміздегі патриотизмнің, бірліктің, тәуелсіздіктің және білім мен ғылымның жетістіктерінің куәсі!