2025 жылдың 9 желтоқсанында Қостанай облысы Әкімдігінің күмбезді залында Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен Студенттік Ассамблеялардың 1–ші Республикалық форумының пленарлық отырысы өтті. «Жастар Ассамблеясы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен. Жастар форумында сөз сөйлегендер:
— Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақалов,
— Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілханов,
— Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан,
— Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қ.Б. Жұмашев,
— Жастар көшбасшылары.
Бұл маңызды іс-шараға қатысты: Тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор Байқадамов Н.Т. және академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік—техникалық университетінің студенттері.
Форум барысында Ассамблея жұмысының бағыттары талқыланып, қатысушыларға жылы лебіздер айтылды. Сондай-ақ, Жастар Ассамблеясының белсенділеріне алғыс хаттар тапсыру рәсімі өтті.