Бүгін, 9 желтоқсан — Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні аясында, Астана қаласында Агенттік, БҰҰ ЕҚБ және Академиялық адалдық лигасының жобалық офисімен бірлесіп, білім беру саласында адалдықты ілгерілетуге арналған республикалық форум өтті.
Форумға еліміздің білім және ғылым саласының шамамен 200 жетекші өкілдері қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев академиялық адалдықтың — сапалы білім мен табысты кәсіби дамудың негізі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Лига жоғары және орта білім беру ұйымдары үшін адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды құралға айнала алады.
Қатысушыларға құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жолдады.
Лига 5 жыл бұрын құрылған және 18 университетті біріктіреді. Форумда Академиялық адалдық лигасының жұмысының нәтижелері, орта және жоғары білімде атқарылып жатқан шаралар, білім беру процесінің цифрлық трансформациясы ұсынылып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесі таныстырылды.
Форум қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетудің, тәжірибе алмасудың және білім беру саласындағы адалдық пен әділдікті нығайту жөніндегі негізгі бағыттарды талқылаудың маңызды алаңдарының біріне айналды.
Форум жұмысына Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің бірінші проректоры Беков Дастан Салтанович қатысты.
Форум аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі және Академиялық адалдық лигасы арасында білім беруде академиялық адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
