«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қостанай облысы әкімдігі Дін істері басқармасының ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарына сәйкес 2026 жылғы 21 қазанда академик Зулкарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік — техникалық университетінің оқу залында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»тақырыбында ашық дәріс өтті. Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі — философия ғылымдарының кандидаты, профессор Качеев Денис Анатольевич дәріс оқыды.
