Проспект Кобыланды батыра, 27

mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

«Білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасы: тізілімді талдау және практикалық ұсынымдар»онлайн-семинарына қатысу

Ноя 6, 2026

2026 жылғы 6 қарашада академик Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы «білім беру бағдарламалары мазмұнының сапасы: тізілімді талдау және практикалық ұсынымдар» онлайн-семинарына қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы ұйымдастырды.

Спикер ретінде жоғары білім мазмұнын басқару Кеңсесінің бас сарапшысы Рауан Бермағамбет сөз сөйледі.

Семинар барысында білім беру бағдарламасы паспортының мазмұны мен құрылымына қойылатын талаптар, Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдері, оқыту нәтижелерін тұжырымдау және оқу пәндерінің мазмұнын анықтау мәселелері қаралды.

Әдістемелік ұсыныстарға, практикалық мысалдарды талдауға және білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинарға қатысу оқытушыларға білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және жетілдіруге қойылатын заманауи талаптар туралы білімді өзектендіруге, сондай-ақ жоғары білім сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсыныстармен танысуға мүмкіндік берді.