2023 жылғы 05 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысын Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов бастады.
Баяндамалар жасады:
- Лұқпанов Ержан Жолдасұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары «Қостанай облысындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу қорытындылары туралы» тақырыбында баяндама жасады.
- Әбдібеков Нұрбек Елікбайұлы, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, құрылыс, индустриялық-инновациялық даму, көлік және жол дамыту мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы: «Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл, құрылыс, индустриялық-инновациялық даму, көлік және жол дамыту мәселелері жөніндегі комитеттің жұмысы туралы.
Отырыс соңында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ұзынжас Бауыржан Дәулетиярұлы 2023 жылы облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне үлес қосқан еріктілер мен жекелеген ұйымдарға, оның ішінде академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-ға алғыс хат табыс етті.