2025 жылғы 25 шілдеде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында Қостанай қаласының жоғары оқу орындарының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының түлектері мен студенттері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Акерке Абылайханмен және Қазақстан Республикасы Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің кадр қызметі бөлімінің басшысы Тыныбекова Айжан Нұрбайқызымен кездесті.
Кездесу барысында А. Абылайхан ұлы Абайдың ілімдеріне негізделген «Толық адам» және «Адал адам» тұжырымдамасы туралы жан-жақты айтып берді. Бұл тұжырымдама жоғары оқу орындарының білім беру жүйесіне енгізілген және қазіргі қоғамда да өзекті болып табылады. Ол еңбекқорлықты, адалдықты, ортақ мүддені көздеуді, туған жерін, елін қорғауға ұмтылуды дәріптейтін дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған.
Келесі спикер Тыныбекова Айжан Нұрбайқызы түлектерге ҚР Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің қатарына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен шарттары туралы ақпарат берді. Қазіргі таңда 100-ден астам бос орын бар екенін айтты және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Аталған кездесуге академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің өкілдері де қатысты:
- Байкадамов Нүркен Турарович – Тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры
- Абильдинова Камила Муратовна – «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы
- Тактарбекова Айым Сериковна – Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы
- Сарсенов Бекзат – 2-курс студенті, белсенді
