Бүгін академик Зулкарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері студенттер үшін «адалдық — басты қағидат»тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында жастар арасында адалдық, парасаттылық, заңнама талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
