Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

«Алтын түлек» математикалық олимпиадасының жеңімпаздары біздің университеттің гранттарын алды

Нау 18, 2024

2024 жылғы 16 наурызда академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің базасында Қостанай облысы бойынша 10-11 сынып оқушыларына арналған «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Олимпиадаға облысымыздың 11 ауданынан және 4 қаласынан 66 оқушы қатысты (оның ішінде 42 бала – 10 сынып оқушылары, 24 бала-11 сынып оқушылары).

Олимпиаданың ұйымдастырушылары «ZERDELI» білім беру орталығы мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі болды.

Анықтама:

«V Алтын түлек» математикалық олимпиадасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің және Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен өңірлердің 18 ЖОО базасында өткізілді.

Олимпиада жеңімпаздарына өз гранттарын 19 отандық университет табыс етті. Барлығы жоғары оқу орындары 66 грант бөлді. Жеңімпаздар сонымен қатар Alanya Universitesi (4 грант) және Cyprus Science University (6 грант) гранттарын алды.

 

Біздің университетте оқуға грант алған оқушылар:

– Дәулетбаева Айтолқын Балғақызы («гимназия С. Мәуленов атындағы Қостанай қаласының білім бөлімі»

– Сейтқалиев Арыстан Азаматұлы («Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы» КММ)

 

Олимпиаданың мақсаты: оқушылар арасында ерекше дарынды балаларды анықтау, ғылымға баулу және педагогикалық, инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылықты ояту.

Олимпиада оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыдан ойлауға, күрделі мәселелерді шешуге дайындайды.

Хат

Грант иегерлері туралы мәлімет