Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Ардагер жауынгер-интернационалистермен кездесу

Ақп 14, 2024

2024 жылдың 14 ақпанында академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің Оқу залында, студент жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауғанстан Демократиялық Республикасында (ДРА) әскерлердің шектеулі контингенті қатарында мерзімді қызмет өткерген ардагер жауынгер-интернационалистермен кездесу өтті.  Университет студенттерімен және Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің оқушыларымен кездесуге ардагер жауынгер-интернационалистер қатысты:

– Жайсанбаев Жанабыл Сактаганович, қызметін 1986-1988 жылдары атқарған. Кабул

зениттік-зымырандық полк, қатардағы жауынгер, жүргізуші.(қазір ІІМ полковнигі, отставкада)

– Аманов Мейрамбек Жұмабайұлы, 1985-1986 жылдары қызмет еткен, Баграм провинциясы, 108 мотоатқыштар дивизиясы, гвардия. сержант, бөлімше командирі.

        Кездесу аясында қонақтарға академик З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ негізін қалаушының мұражайына экскурсия жүргізілді. ТЖжҚБ жөніндегі проректор Н.Т. Байқадамов университеттің тарихымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу үдерісімен жан-жақты таныстырды.

       Қонақтарға сөз бермес бұрын, 1979-1989 жылдардағы Ауған соғысының тарихы туралы деректі фильм көрсетілді, содан кейін кезек-кезек толық үнсіздікпен қонақтар өздерінің қызмет ету мерзімі, жауынгерлік достық пен патриотизм сезімдері, Отанға деген сүйіспеншілік, жауынгерлік достарынан айырылу қайғысы туралы айтты. Кездесу барысында қонақтар студенттер мен оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қоштасу сөздерін жеткізді. Кездесу соңында академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті атынан:

– Академик З. Алдамжарды еске алу кітабы

 – Университет ректоры Руслан Батыржанұлы Абдуллиннің алғыс хаттары

– Сыйлықтар

Мерейтой қарсаңында барлық ардагер интернационалист жауынгерлерге денсаулық, ұзақ өмір, амандық, бейбіт аспан және еліміздің гүлденуін тілейміз.