Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Бейресми білім беру — жаңа дағдыларды меңгерудің тиімді жолы

Мар 30, 2026

Қазіргі заманда білім алу тек жаспен шектелмейді. Бейресми білім беру — жаңа дағдыларды тез меңгеруге, өзін дамытуға және белсенді өмір сүруге мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Осы мақсатта Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы «Күміс университет» бағдарламасы жүзеге асырылуда:

Кімдерге арналған?
50 жастан асқан, белсенді әрі мазмұнды өмір сүргісі келетін азаматтарға.
Оқу бағыттары:

— Компьютерлік сауаттылық
— Қаржылық сауаттылық
— Ұзақ өмір сүру және салауатты өмір салты
— Құқықтық сауаттылық
— Ағылшын тілі (бастапқы деңгей A1–A2)

Неліктен маңызды?
Бейресми білім беру:
— жаңа жағдайларға тез бейімделуге көмектеседі
— практикалық дағдыларды дамытады
— өзіне деген сенімді арттырады
— жаңа мүмкіндіктер мен қарым қатынастарға

Оқу шарттары:
— Оқу тегін
— Форматы: дәрістер, семинарлар, тренингтер, экскурсиялар
— Оқыту тілі: қазақ / орыс
— Аптасына 2 рет сабақ
— Курс ұзақтығы — 3 айға дейін
— Формат: офлайн және онлайн
— Курсты аяқтағаннан кейін сертификат беріледі

Бағдарламаның артықшылықтары:
— Шағын топтар және жеке көзқарас
— Куратордың қолдауы және оқытушылардан кері байланыс
— Қарапайым әрі түсінікті оқу материалы
— Жаңа таныстар мен пайдалы қарым-қатынас
— Жайлы және қолайлы оқу ортасы

Бұл бағдарлама тек білім беріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және өзіңізді дамытуға көмектеседі.
Қалай тіркелуге болады?
1. Өтінімді мына поштаға жіберіңіз: Silver_university@kosstu.edu.kz
2. Оқуға қабылданғаны туралы растау алу
3. Оқуды бастап, жаңа белеске қадам жасаңыз 

Оқу үшін ешқашан кеш емес — бүгін бастаңыз!