Физика — математика
Мұғалім. Орта мектеп мұғалімі Мұғалім. Колледж оқытушысы
білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру; жалпы білім беретін білім беру ұйымдарында, білім беру мекемелері мен орталықтарында балалар мен оқушы жастарды оқыту және дамыту; ғылым; зерттеудің физикалық және ақпараттық әдістерін қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.
мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудың білім беру мекемелері, мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары; ғылым ұйымдары: физика, математика және оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми, ғылыми-зерттеу орталықтары; басқару ұйымдары: мемлекеттік басқару органдары, білім департаменттері; өз жұмысында физикалық және ақпараттық зерттеу әдістерін қолданатын әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдар.
білім беру үдерісі оның құндылықты-нысаналы бағдарларының, мазмұнының, әдістерінің, нысандары мен нәтижелерінің бірлігінде; физика және математика саласындағы ғылыми-зерттеу, инновациялық, ақпараттық-аналитикалық қызмет; зерттеудің физикалық әдістерін жобалаудың, енгізудің технологиялық процесі; білім алушыларды инновациялық педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып тәрбиелеу, физика мен математиканы оқыту; оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың мақсаттары, міндеттері, мазмұны, формалары; білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамаларының талаптарын іске асыру; тұлғаға бағытталған білім беру процесі.
білім беру – оқушыларды оқыту және дамыту, оқыту және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру, педагогикалық үдерісті жобалау және басқару, педагогикалық қызметтің нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау; әлеуметтік-педагогикалық – оқушылардың толыққанды өмір сүруіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету; ғылыми-зерттеушілік – физика және информатика саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату.
педагогикалық және тәрбиелік қызметті, оның ішінде заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру; таңдалған бағытта және сабақтас салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу; ғылыми зерттеулерді жобалаудың, енгізудің және нәтижелерін сүйемелдеудің барлық кезеңдеріне қатысу; өз еңбегін ұйымдастыру және өз бетінше білім алу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану.
білім беру бағдарламасына сәйкес физика мен информатиканы оқыту үдерісін жүзеге асыру; оқушылардың оқу үдерісін жобалау және басқару; заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жағдайындағы диагностикалық, түзету, коммуникативтік, әдістемелік жұмыстар; физика және математика саласындағы зерттеу жұмыстары; эксперименттік зерттеулер жүргізу және нәтижелерді өңдеу; коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық ресурстарды өндіру мен өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру. оқу материалын жоспарлау; физика және математика курстарының тақырыптарын оқытуға дайындық; оқыту мақсаттарына сәйкес әр түрлі типтегі сабақтарды дайындау және өткізу (физика-математика саласындағы білімді «құру» және қолдану бойынша оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, жаңа материалды оқып үйрену; физика-математика есептерін шығару әдістеріне үйрету; қолданбалы есептерді шығару әдістеріне үйрету; практикалық іс-әрекетке үйрету; білімді жалпылау мен жүйелеуге үйрету); білім алушылардың оқу жетістіктерінің диагностикасы.
тәрбие жұмысы; педагогикалық жұмыс; тәрбие жұмысы.
педагогикалық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру білім беру үдерісін сапалы ұйымдастыру және оқушының танымдық іс-әрекет тәсілдерін белсенді меңгеруіне, білім берудің тұлғалық маңыздылығына бағдарлану; оқытуды оқушының жеке басына бағдарлау, оның өзін-өзі ашуына, өзін-өзі жүзеге асыруына мүмкіндік беру; дарынды және қабілетті балалардың шығармашылық іс-әрекетке қарым-қатынасы кезінде басты мақсаты болып табылатын оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологияларын қолдану; оқушылардың өз бетінше білім алуына және кәсіби бағдарлануына қолайлы жағдай жасау.
