15 сәуірде Қостанай облысы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс—шараның спикері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Төрағасының орынбасары — Әбішев Тастемір Дәуітұлы болды.
Семинарға академик Зұлхарная Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік–техникалық университетінің 6В042 — «Құқық» бағытындағы білім беру бағдарламаларының студенттері, сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы Байжанов Е.А. қатысты.
Іс-шара аясында адам құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудың өзекті мәселелері, мемлекеттік және халықаралық институттармен өзара іс-қимыл тәжірибесі, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы құқық қорғау қызметінің маңызы талқыланды.
Семинар кәсіби пікір алмасу, құқықтық сауаттылықты кеңейту және болашақ заңгерлер арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін маңызды алаңға айналды.