Бизнес және менеджмент кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің Қостанай қаласы әкімдігінің басшылығымен нәтижелі кездесуі өтті.
Диалогқа қатысты:
Моргунов Максим Валерьевич — Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы
Исабеков Арман Есімханұлы — мемлекеттік құпияларды қорғау, терроризмнің алдын алу, халықты оқыту, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы
Қуандық Әсел Амангелдіқызы — заң қызметінің басшысы
Антеева Айнұр Бердіқұлқызы — құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы
Тұрсынбаева Гүлнара Құдайбергенқызы — персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы
Бизнес және менеджмент саласындағы білім беру бағдарламаларын дамыту, жаңа пәндерді енгізу, заманауи түлектерге қойылатын талаптар, негізгі дағдылар мен мемлекеттік органдармен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қостанай қаласының әкімдігіне жылы қабылдағаны, ашық диалог жүргізгені және болашақ менеджерлердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!