Ағымдағы жылдың 10-14 маусымы аралығында Павлодар облысында (Баянауыл мемлекеттік табиғи паркінің аумағында) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектеп өткізілді.
Мектептің негізгі мақсаты — агенттікті, университеттерді және жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың халықаралық тәжірибесін интеграциялау.
Спикерлер ретінде агенттік қызметкерлері, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілдері, бірқатар бағыттар бойынша сертификатталған жаттықтырушылар қатысты.
Университетіміздің атынан іс—шараға «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Байжанов Ербол Атымтайұлы қатысты.
Іс-шараны қорытындылай келе, әрбір қатысушыға сертификаттар табысталып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ғылыми жобалар қорғалды.