2026 жылғы 24–26 қараша аралығында Астана қаласында шорт-тректен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа еліміздің 10 өңірінен 80-нен астам спортшы қатысты.
Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Абдуллин Дамир Нұрланұлы жоғары спорттық шеберлік пен жеңіске деген жігерін танытып, Қазақстан Республикасы чемпионатының екі дүркін жүлдегері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша Дәмір екі жүлдеге ие болды:
— 5000 метр қашықтықта – II орын;
— 2000 метр қашықтықта – III орын.
Тартысты бәсекеде қол жеткізген жоғары нәтижелер – қажырлы еңбектің, табандылықтың, тәртіп пен кәсіби спорттық дайындықтың жемісі.
Дамирдің жетістігі – білім мен спортты қатар алып жүрудің жарқын үлгісі әрі студент жастарға өнеге.
Университет басшылығы мен ұжымы Дамирді және оның жаттықтырушыларын айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды!
Спортшымызға зор денсаулық, сарқылмас күш-жігер, биік белестер, жаңа рекордтар мен республикалық және халықаралық жарыстарда толағай табыстар тілейміз!
Студенттеріміздің жетістіктері – университетіміздің мақтанышы!
