Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті 2025 жылғы 24 қарашада «IQostanay» оқушылар сарайында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен республикалық патриоттық форумға – «Ел тірегі – еңбек адамы» қатысты.
Форум аясында «WorldSkills Kazakhstan 2025» X Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына қатысушылармен кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Олжас Хайруллаұлы Құспеков пен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов қатысты.
Университет атынан «TurkicSkills 2025» халықаралық чемпионатының жеңімпазы Кузнецов Артемге Қостанай облысының намысын абыроймен қорғағаны үшін 4 жылдық оқу гранты табысталды.
Біз жастарымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз және талантты талапкерлерді қолдауға әрқашан дайынбыз. Сапалы білім мен кәсіби дамуға жол ашу – біздің басты мақсатымыз!
