2025 жылдын қарашанын 24 күні, Академик Зулқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік — техникалық университетінде «Цифрлық гигиена: интернетте өзіңді қалай қорғау керек?» атты республикалық дәріс өтті. Шара Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Студенттерге жеке деректерді қорғау, кең таралған кибершабуыл түрлері және интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Дәріс интерактивті форматта өтіп, қатысушылар оқыту ойындарына қатысып, естелік сыйлықтар алды.
Айрықша қызығушылық тудырған бөлім – виртуалды АФМ офицері AiDOS жүйесімен сұхбат болды. Жүйе студенттердің сұрақтарына жауап беріп, цифрлық қауіпсіздік бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.
Іс-шараға студенттер мен оқытушылар кеңінен қатысты.
