Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел

Май 30, 2025

30 мамырда академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының қызметкерлері — доцент Қылышева Әсел Маратқызы мен аға оқытушы Елібаев Тұрар Аянұлы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты. . Іс–шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің «Жас ғалымдар клубының» бастамасымен және Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қабырғасында өтті.

Дөңгелек үстел барысында Ел Президентінің Жарлығымен құрылған саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияның қызметі, мұрағаттармен жұмыс және тарихи құжаттарды жариялау мәселелері көтерілді. Қуғын-сүргіннің халық санасында көрініс табуына арналған баяндамалар тыңдалды.

Өткізілген іс-шара қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген барлық халықтар мен әлеуметтік топтардың өкілдерінің қайғы-қасіреттері мен жоғалтулары туралы тарихи жадыны сақтауға бағытталған.