Шифр 6В02325
Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі ндаярлық басқармалары:
— гуманитарлық бағыттағы орта кәсіптік және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу орындарында, орта арнаулы мектептерде, лицейлерде, колледждерде, гимназияларда шет тілдері мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
-аудармашы;
-оқу жұмысын ұйымдастырушы;
– редактор;
-корректор және т.б.
Кәсіби қызмет саласы:
Орта бейінді және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу орындары, сондай-ақ тиісті бейіндегі ғылыми ұйымдар.
Кәсіби қызмет объектілері:
-орта бейінді (гимназиялар, лицейлер);
-орта кәсіптік және орта білімнен кейінгі кәсіптік (колледждер) оқу орындары;
-аудармашылар талап етілетін ұйымдар;
— газеттер мен журналдардың, радио мен теледидардың редакциялары, баспалар;
-бейінді ғылыми ұйымдар, кітапханалар;
– мамандық бейініне сәйкес орнатылуы мүмкін басқа объектілер
Кәсіби қызмет пәндері:
Шет тілдерін (практика және теория) және оқытылатын тілдер елдерінің әдебиеттерін оқу орындарында оқыту, ғылыми-зерттеу ұйымдарында және жоғары оқу орындарында ғылыми тақырыптарды әзірлеу, әдеби қызметкерлердің және /немесе аудармашылардың міндеттерін газет-журналдардың, радио мен теледидардың редакцияларында орындау, баспалар және басқа да мүдделі мекемелер.
Кәсіби қызмет түрлері:
– білім беру (педагогикалық);
– ұйымдастырушылық-басқарушылық;
– ғылыми-зерттеу;
— шет тілдерін практикалық меңгеру негізінде іргелі лингвистикалық және әдебиеттанулық білімді қолдануды талап ететін кәсіби қызметтің басқа түрлері.
Кәсіби қызметтің функциялары:
Орта кәсіптік және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында шет тілдері мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, орта буын оқу үдерісін басқару бөлімінің қызметкері, кіші буын филолог–зерттеушісі.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
— шетел тілдері мен әдебиетін оқытудың өзекті лингводидактикалық мәселелерін шешу;
– шетел тілдері мен әдебиеті пәндері бойынша оқу үдерісін жоспарлау;
– әдістемелік міндеттерді шығармашылықпен шешу;
– оқытудың дәстүрлі формалары мен тәсілдерін де, инновациялық технологияларды да қолдану;
– оқу үдерісін оқу-әдістемелік құжаттаманың қажетті жиынтығымен қамтамасыз ету және әзірлеу;
– әдебиет және лингвистика саласында филологиялық зерттеулер жүргізу.