2026 жылғы 27 қазанда Студенттер Қостанай қаласы полиция басқармасының өкілі — патрульдік полиция батальонының кәсіби, қызметтік және дене шынықтыру даярлығының инспекторы, полиция аға лейтенанты Мақсат Жәнібекұлы Махмутовпен кездесті.
Іс-шара Білім алушылардың кәсіби бағдарлануына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет өткеру перспективаларымен танысуға, сондай-ақ жастар ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңның сақталуына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал етеді.
