2025 жылдың 23 сәуірінде «Бизнес және менеджмент» кафедрасының доценті Ажибаева Гүлжан Мұратқызы студенттерге қаржылық сауаттылық олимпиадасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жастардың жеке қаржысын басқаруға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Іс-шара аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға қатысты негізгі мәселелер қаралды. Жеке қаржыға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, халықтың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған «Қарсыз қоғам» (Қарызсыз қоғам) жобасының мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.
Олимпиадаға қатысушылар жеке бюджеттерін жоспарлау, жинақтарды тиімді жинақтау, сондай-ақ қаржылық тәуекелдерден қорғану жолдары бойынша пайдалы ұсыныстар алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздік студенттер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Іс-шара жылы және нәтижелі атмосферада өтті және жастардың қаржылық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.