2026 жылғы 16 қазанда академик Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шараның спикерлері: Жиембаев С.Е., полицияның аға учаскелік инспекторы, полиция майоры және Садинов Б., Қостанай қаласы полиция басқармасының Мамандандырылған полиция бөлімінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары.
Кездесу барысында буллингтің алдын алудың, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың, есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылықтың өзекті мәселелері қаралды.
Құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдарына, цифрлық ортадағы алаяқтықтан қорғау тәсілдеріне және заңнаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
