Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарға арналған жасанды интеллект негізіндегі виртуалды кеңесші чат-ботын әзірледі. Чат-бот Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді.
Виртуалды кеңесшінің мақсаты – жастарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы өзекті әрі түсінікті ақпараттың қолжетімді түрде ұсыну, өзара іс-қимылды жетілдіру және сұрақтарға жедел жауап алу үшін заманауи технологияларды пайдалану.
Аталған чат-ботта жастарды мемлекеттік қолдау бойынша 17 мемлекеттік бағдарламалар туралы (мемлекеттік гранттар, стипендиялар, әлеуметтік бағдарламалар, жұмыспен қамту мүмкіндіктері, кәсіпкерлікті қолдау, психологиялық көмек және т.б.). ақпарат толық қамтылған.
Виртуалды кеңесші жастардың жеке сұраныстарына сәйкес қажетті ақпаратты жылдам табуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік қолдау тетіктері мен мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
