2025 жылдың 31 наурызында академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу залында Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің туғанына 110 жыл толуына орай «Жұмабек Тәшенев — Көрнекті мемлекет қайраткері» атты ашық дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты көрнекті қоғам, саясат және мемлекет қайраткері, өз елінің жалынды патриоты Тәшенев Жұмабек Ахметұлының рөлін бағалау болды.
Дәрісте баяндамашылар сөз сөйледі:
Борисова Анна Петровна — гуманитарлық ғылымдар магистрі, гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушысы. Баяндама тақырыбы: «Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдығына»;
Жолболды Ұлнар — «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті. Тема доклада: «Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшенев»;
Балабаева Дильназ — «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Баяндама тақырыбы: «Жұмабек Тәшеневтің қазақ мәдениетін сақтауға қосқан үлесі».
Сондай—ақ, іс-шарада «Өткеннің нұры — аумақтық тұтастығын қорғаған Жұмабек Тәшенев» деректі фильмінің көрсетілімі өтті.
Барлық баяндамашыларға сертификаттар табысталды