2025 жылдың 9 қазанында академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік—техникалық университетінде «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.: «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу».
Негізгі мақсат – жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу бойынша білім беру. Салауатты өмір салтын және жауапты жыныстық мінез-құлықты насихаттау.
Іс-шара барысында «Жастар МЕД» жастар орталығының дерматовенерологы Р.М. Сланбекова жыныстық жолмен берілетін аурулардың таралуының негізгі жолдары, ерте жыныстық белсенділіктің алдын алу және ерте қалаусыз жүктіліктің алдын алу туралы хабардар етті.
Бейне-презентация көрсетіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Студенттерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік берілді, оларға жан-жақты жауаптар берілді.