Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

«QOSTANAICONFERENCE: жасанды интеллект аймақтық өсудің драйвері ретінде»

Окт 30, 2025

2025 жылдың 30 қазанында Қостанай облысының әкімдігі «QOSTANAICONFERENCE: жасанды интеллект аймақтық өсудің драйвері ретінде» сараптамалық конференциясын ұйымдастырды, конференцияның модераторы Кашиев Азамат Совхозбайұлы болды,
Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар басқармасының басшысы.

Конференция жасанды интеллекттің даму перспективаларын, оның аймақтардың цифрлық трансформациясына әсерін талқылауға, тәжірибе алмасуға және инновациялар мен технологиялар саласындағы бірлескен бастамаларды қалыптастыруға бағытталған. Конференция жұмысына академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік—техникалық университетінің делегациясы қатысты:
— Жаманбалин Қадырғали Қонысбайұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Президенттің инновациялық технологиялар және қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі, «Техникалық ғылымдар» кафедрасының білім беру бағдарламаларының жетекшісі.
-Байқадамов Нүркен Тұрарұлы, тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
— Аубакиров Жамбай Қалдыұлы, «Техникалық ғылымдар» кафедрасының доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.