2025 жылдың 5 желтоқсанында университеттің негізін қалаушы, академик Зұлқарнай Алдамжардың құрметіне арналған «Жасанды интеллект және қазіргі әлемнің сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл іс — шара цифрлық технологиялар саласындағы өзекті үрдістер мен жасанды интеллекттің қазіргі қоғамды трансформациялаудағы рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды.
Пленарлық отырыс IQostanay смарт орталығында өтті. Іс-шараны Малайзияның Халықаралық мәдени және коммуникациялық орталығы бірлесіп ұйымдастыра отырып, конференцияның халықаралық ауқымы мен ғылыми маңыздылығын атап көрсетті.
Конференция барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған мәселелерді талқылады. Сарапшылар жасанды интеллекттің білімге, экономикаға және әлеуметтік салаға әсерін зерттеп, этика, цифрлық қауіпсіздік және технологиялық тәуелсіздік мәселелеріне тоқталды.Конференцияға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден ғалымдар мен мамандар қатысты.
Баяндама оқыған конференция қонақтары:
− Бенджамин Леонг Так Ханг, Халықаралық трансұлттық білім беру қауымдастығы басқарушы директорының орынбасары, Малайзия
− Насридини Аслиддин, Халықаралық трансұлттық білім беру қауымдастығының аймақтық менеджері, Малайзия
− Шарофиддин Ашуров, Малайзия Халықаралық Ислам Университеті (IIUM) Исламдық банкинг және қаржы институтының доценті
− Мейлиасари — Джакарта мемлекеттік университеті, Индонезия
− Нур Айн Сязмин Бинти Ахмад Заки − Малайзия политехникалық университеті
− Заборовский Владимир Сергеевич − техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті
− Абсалямов Ербол Болатұлы − Назарбаев Университеті Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының атқарушы директоры
− Трофимова Юлия Владимировна, Қазақстан-Американдық еркін университетінің ақпараттық оқыту және цифрлық білім беру технологиялары орталығының директоры.
− Могилатов Сергей Анатольевич, «Allur» автокөлік компаниясы өндірісті локализациялау бөлімінің бастығы.
− Баймухамедов Малик Файзулович, техника ғылымдарының докторы, профессор, Зұлқарнай Алдамжар атындағы ҚӘТУ президентінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі кеңесшісі.
− Бондаренко Юрий Яковлевич, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Зұлқарнай Алдамжар атындағы ҚӘТУ.
Конференцияға Қостанай облысы мен қала әкімдігінің өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары және әлеуметтік серіктестік кәсіпорындары: «Allur» автокөлік компаниясы мен «KamLitKZ» ТОО өкілдері қатысты.
Сондай-ақ іс-шара барысында академик Зұлхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі және Малайзияның бірқатар жетекші білім және мәдениет мекемелері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Малайзияның Халықаралық ислам университетімен, Малайзия Политехникалық университетімен және Малайзияның мәдени коммуникациялар орталығымен меморандумдарға қол қойылды.
Келісімдер академиялық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, ғылыми тәжірибе алмасуға, мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.
Конференция ғылыми идеялар мен практикалық тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Спикерлер өз зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырып, ЖИ технологияларын дамытуға деген көзқарастарымен бөлісті және халықаралық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгіледі. Іс-шара академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің ғылым, білім және өндіріс арасындағы диалогты ілгерілететін ғылыми коммуникациялар мен инновациялық бастамалар орталығы ретіндегі ұстанымын нығайтты.
