Шифр – 6В01304
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Оқытудың озық технологияларын қолдану арқылы практикалық дағдылары мен көшбасшылық қабілеттері бар біліктілігі жоғары деңгейдегі кадрларды даярлауды, сондай-ақ тиісті бағыттағы жоғары білімді мамандарға қойылатын талаптарға сай бәсекеге қабілетті білім беру мамандарын даярлауды көздейтін оқыту үдерісін жүзеге асыру
Біліктіліктер мен лауазымдардың тізімі:
- Педагог. Колледж оқытушысы;
- Педагог. Бастауыш сынып мұғалімі.
- Мектепалды даярлық сыныбының педагогы
- Оқу–тәрбие мекемелеріндегі әдіскер
Кәсіби қызмет саласы:
Білім
Кәсіби қызмет объектілері:
- Жалпы білім беретін мектептер
- лицейлер
- гимназиялар
- қосымша білім беру жүйесі (балалар шығармашылығы орталығы
- балаларды дамыту орталығы
- репетиторлық орталық
- балаларды сауықтыру лагері және т.б.)
- педагогикалық колледждер
- кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары
- білім департаменттері
Кәсіптік қызмет пәндері:
Біліктілігіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс.
Кәсіби қызмет түрлері:
– диагностикалық (сыныптың және жеке оқушының психологиялық және жеке ерекшеліктерін анықтауға байланысты);
– конструктивті (мазмұнды таңдаумен және оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырумен байланысты. Ол алдағы іс-шаралардың (сабақтардың, сыныптан тыс жұмыстардың және т.б.) мазмұнын жобалауды (жоспарлауды) қамтиды.;
– ұйымдастырушылық (оқушылар ұжымын ұйымдастырумен және өзінің педагогикалық қызметімен байланысты);
– гностикалық (мұғалімнің оқушылардың мүмкіндіктері туралы білімін, мазмұнын, формаларын, әдістерін, оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдарын қамтиды);
– коммуникативті (мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынасын құра білуімен байланысты);
– рефлексивті (өзінің педагогикалық қызметін жан-жақты талдау );
– бақылау және бағалау (оқушылардың білімін бақылауға және оларды бағалауға байланысты).
– зерттеушілік (бастауыш білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін тұжырымдау және шешу, кәсіби қызметте ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану, бастауыш жалпы білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін құжаттаманы жүргізу; бастауыш және жалпы білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысу).
Кәсіби қызметтің функциялары:
– жалпы білім беретін оқу орындарында сабақ жүргізу, нақты жағдайда әдістемелік білім мен қолданбалы дағдыларды жүзеге асыру;
– «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын дамыту контексінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру;
– нақты тәрбиелік міндеттерді шешу;
– бастауыш сынып оқушыларының пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуы мен даму үдерісін басқару;
– бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі саласындағы оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, талдау және шығару;
– сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерін жоспарлау, таңдау және қолдану;
– кәсіби және тұлғалық өсу үшін жан-жақты талдау және өз бетінше білім алу дағдыларын меңгеру.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:
– кәсіби қызметте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
— білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту мен тәрбиені жүзеге асыру;
-білім алушылардың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерделеу;
-білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жеке бағыттарын, сондай-ақ өзінің білім беру бағыты мен кәсіби мансабын модельдеу;
– білім беру үдерісінің ерекшеліктерін, оқу пәндері арқылы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың міндеттерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен заманауи педагогикалық технологиялардың мазмұнын жобалау;
– педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін диагностикалау, түзету және болжау;
– білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беру ортасын қалыптастыру;
– білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай және пәндік саланың ерекшелігін көрсететін технологияларды қолдану;
– ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру қызметін (оның ішінде әдістемелік) қамтамасыз ету;
– кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуді және тұлғалық өсуді жүзеге асыру;
– білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені талдау және жалпылау;
– педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;
– қоғамдық және білім беру ұйымдарымен, балалар ұжымдарымен және ата-аналармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, кәсіби қызметтегі міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымын өзін-өзі басқаруға және басқаруға қатысу;
– білім беру үдерісі барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;