08.11.2023 жылы академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқу залында Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне орайластырылған «Темекі шегуді тастау үшін тамаша күн» ұлттық бағдарламасы тақырыбында дәріс өтті.
Негізгі мақсат пен міндет – темекі шегудің алдын алу, салауатты өмір салтына баулу.
Шара барысында «№ 5 емхана» ЖШС жастар орталығының мамандары вейп, кальян және электронды темекі шегудің зияны туралы айтып берді. Темекінің, ауыр металдардың зияны және адам ағзасына салдары туралы бейнебаян көрсетілді.
Студенттерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, естелік суреттер түсірілді.