Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Әулиекөл ауданының мектеп және колледж түлектерімен кездесулер

Ақп 28, 2024

Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің кәсіптік бағдар беру командасы Әулиекөл ауданының мектеп және колледж түлектерімен кездесу өткізді.

Біз 6 жалпы білім беретін мектеп пен колледжде болдық:

• «ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАТЫРЖАН КЕНЖЕТАЕВ АТЫНДАҒЫ НОВОНЕЖИН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
• «ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ Н.ОСТРОВ АТЫНДАҒЫ АМАНҚАРАҒАЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
• «ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ № 2 АМАНҚАРАҒАЙ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
• «ӘУЛИКӨЛ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ШОҚАН УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЛИЕКӨЛ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
• «ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ И.Я.СИЯНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЛИЕКӨЛ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
• «ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЛИЕКӨЛ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КММ
• «ӘУЛИЕКӨЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

Кездесу барысында Университеттің қабылдау комиссиясынан «Аудандар бойынша» атты жаңа айдардың іске қосылуы жарияланды, білім беру бағдарламалары, баға мәселесі, жеңілдікті саясат, жатақхана, студенттік өмір және т.б. таныстырылды.

Кәсіптік бағдар беру командасының құрамында:
• Елібаев Тұрар Аянович – қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы;
• Күлпейісов Серік Дәулетбайұлы – тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы;
• Истияров Ансаған Жанатұлы – Жастар ісі комитетінің төрағасы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ 4 курс студенті.

Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті Әулиекөл ауданының білім беру бөліміне, мектеп және колледж әкімшілігіне, жергілікті жерлердегі кәсіби бағдар беру жұмыстарына жауапты мұғалімдерге кездесулер ұйымдастыруға және өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсетуге көмектескені үшін алғыс білдіреді.