Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-41-42

8 (7142) 55-42-64

8 (707) 255-42-64

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен əдістемес

Шифр – 6В01304

Білім беру бағдарламасының мақсаты:

Оқытудың озық технологияларын қолдану арқылы практикалық дағдылары мен көшбасшылық қабілеттері бар біліктілігі жоғары деңгейдегі кадрларды даярлауды, сондай-ақ тиісті бағыттағы жоғары білімді мамандарға қойылатын талаптарға сай бәсекеге қабілетті білім беру мамандарын даярлауды көздейтін оқыту үдерісін жүзеге асыру

 

Біліктіліктер мен лауазымдардың тізімі:

  • Педагог. Колледж оқытушысы;
  • Педагог. Бастауыш сынып мұғалімі.
  • Мектепалды даярлық сыныбының педагогы
  • Оқу–тәрбие мекемелеріндегі әдіскер

 

Кәсіби қызмет саласы:

Білім

 

Кәсіби қызмет объектілері:

  • Жалпы білім беретін мектептер
  • лицейлер
  • гимназиялар
  • қосымша білім беру жүйесі (балалар шығармашылығы орталығы
  • балаларды дамыту орталығы
  • репетиторлық орталық
  • балаларды сауықтыру лагері және т.б.)
  • педагогикалық колледждер
  • кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары
  • білім департаменттері

 

Кәсіптік қызмет пәндері:

Біліктілігіне сәйкес білім беру ұйымдарындағы педагогикалық үдеріс.

 

Кәсіби қызмет түрлері:

– диагностикалық (сыныптың және жеке оқушының психологиялық және жеке ерекшеліктерін анықтауға байланысты);

– конструктивті (мазмұнды таңдаумен және оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырумен байланысты. Ол алдағы іс-шаралардың (сабақтардың, сыныптан тыс жұмыстардың және т.б.) мазмұнын жобалауды (жоспарлауды) қамтиды.;

– ұйымдастырушылық (оқушылар ұжымын ұйымдастырумен және өзінің педагогикалық қызметімен байланысты);

– гностикалық (мұғалімнің оқушылардың мүмкіндіктері туралы білімін, мазмұнын, формаларын, әдістерін, оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру құралдарын қамтиды);

– коммуникативті (мұғалімнің оқушылармен, ата-аналармен, әріптестермен қарым-қатынасын құра білуімен байланысты);

– рефлексивті (өзінің педагогикалық қызметін жан-жақты талдау );

– бақылау және бағалау (оқушылардың білімін бақылауға және оларды бағалауға байланысты).

– зерттеушілік (бастауыш білім беру саласындағы зерттеу мәселелерін тұжырымдау және шешу, кәсіби қызметте ғылыми-зерттеу әдістерін қолдану, бастауыш жалпы білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ететін құжаттаманы жүргізу; бастауыш және жалпы білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға қатысу).

 

 

Кәсіби қызметтің функциялары:

– жалпы білім беретін оқу орындарында сабақ жүргізу, нақты жағдайда әдістемелік білім мен қолданбалы дағдыларды жүзеге асыру;

– «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын дамыту контексінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру;

– нақты тәрбиелік міндеттерді шешу;

– бастауыш сынып оқушыларының пәндік іс-әрекетін ұйымдастыру және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуы мен даму үдерісін басқару;

– бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі саласындағы оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу, талдау және шығару;

– сыныптан тыс жұмыстарда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі формалары мен әдістерін жоспарлау, таңдау және қолдану;

– кәсіби және тұлғалық өсу үшін жан-жақты талдау және өз бетінше білім алу дағдыларын меңгеру.

 

Кәсіби қызметтің типтік міндеттері:

– кәсіби қызметте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;

— білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру саласында оқыту мен тәрбиені жүзеге асыру;

-білім алушылардың білім беру саласындағы мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін, жетістіктерін зерделеу;

-білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың жеке бағыттарын, сондай-ақ өзінің білім беру бағыты мен кәсіби мансабын модельдеу;

– білім беру үдерісінің ерекшеліктерін, оқу пәндері арқылы тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың міндеттерін ескере отырып, білім беру бағдарламалары мен заманауи педагогикалық технологиялардың мазмұнын жобалау;

– педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелерін диагностикалау, түзету және болжау;

– білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім беру ортасын қалыптастыру;

– білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай және пәндік саланың ерекшелігін көрсететін технологияларды қолдану;

– ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру қызметін (оның ішінде әдістемелік) қамтамасыз ету;

– кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуді және тұлғалық өсуді жүзеге асыру;

– білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибені талдау және жалпылау;

– педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;

– қоғамдық және білім беру ұйымдарымен, балалар ұжымдарымен және ата-аналармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, кәсіби қызметтегі міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымын өзін-өзі басқаруға және басқаруға қатысу;

– білім беру үдерісі барысында оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;