Шифр: 6В04227
Берілетін академиялық дәреже: «6В04227- Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры.
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Құқық қорғау қызметі саласында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құқықтық нормаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін білімі, іскерлігі мен дағдылары бар, қызметтің сабақтас салаларына бағдарланған, құзыретті, құқық қорғау органдарында тиімді қызмет етуге қабілетті жоғары білікті заңгерлерді даярлау. .
Түлектердің біліктіліктері мен лауазымдарының тізбесі
Прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдарының қызметкері және маманы; орта және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқытушы және т.б.
Кәсіби қызмет саласы
Өз құзыретіне сәйкес қылмысқа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саясатын жүзеге асыратын адамның және азаматтың, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, қамтамасыз ету, олардың сақталуына кепілдік беру, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және тергеу, қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін орындау, құқықтық оқыту және тәрбиелеу.
Кәсіби қызмет объектілері
- құқық қорғау органдары
- адвокатура және адвокаттық қызмет
- нотариат
- кәсіпорындардың заң кеңесшілері
- мемлекеттік мекемелердегі құқықтық, кадрлық, ұйымдастырушылық–талдау бөлімінің мамандары
- білім беру саласы (орта арнаулы, оқу орындарында)
Кәсіби қызмет пәндері
Кәсіби қызметтің пәндері: құқықтық нормалар; заңды маңызы бар оқиғалар мен іс-әрекеттер; коммерциялық ұйымдардың жұмыс істеуі саласында туындайтын құқықтық қатынастар; коммерциялық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар.
Кәсіби қызмет түрлері
- нормашығармашылық;
- құқық қолдану;
- құқық қорғау қызметі;
- сараптамалық-консультациялық;
- азаматтық, қылмыстық істер және еңбек даулары бойынша соттарда өкілдік етуді қоса алғанда, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық ұйымдардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
Кәсіби қызметтің функциялары
Құқық қорғау; құқық қорғау; ұйымдастырушылық-басқарушылық;; заң шығару; құқық қолдану қызметін заңдарды дәл сақтау, жеке және заңды тұлғалардың заң алдындағы теңдігі қағидаттары бойынша жүзеге асыру; құқық қолдану практикасының мәселелерін анықтау және ұлттық заңнаманы жетілдіру.
Кәсіби қызметтің типтік міндеттері
- құқықтану саласындағы білім мен түсінікті, оның ішінде осы саладағы ең озық білім элементтерін көрсету;
- құқықтану саласындағы білім мен түсінікті кәсіби деңгейде қолдану;
- аргументтерді тұжырымдау және саладағы мәселелерді шешу;
- әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін құқықтану саласындағы ақпараттарды жинау мен түсіндіруді жүзеге асыру;
- құқықтану саласындағы ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де хабарлау.
- коммерциялық ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету;
Кәсіби қызметтің бағыттары
- Кәсіпорынды/заңды тұлғаны кәсіпорынның /заңды тұлғаның қызметін жүзеге асыру үшін қажетті заңдармен, нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Жаңа заңдар мен заңға тәуелді актілердің шығуын қадағалау.
- Нормативтік құқықтық актілерді құқықтық талдау. Қолданыстағы заңнаманы және өзге де құқықтық актілерді түсіндіру, қолдану. Заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдану. Құқықтық фактілер мен мән-жайлардың біліктілігі. Құқықтық шешімдер қабылдау. Заңды әрекеттерді заңға дәл сәйкестікте жасау.
- Құқық нормаларын жүйелі талдау. Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қадағалау және жаңа заңдар мен заңға тәуелді актілерді қабылдау
- Дауларды шешудің баламалы тәсілдерін және заң техникасын қолдану. Келіссөздер жүргізу. Ұйымның заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытын таңдау және қорғау. Туындайтын дауларды шешудің ұтымды жолдарын іздеу. Дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі.
- Біліммен жұмыс жасау (өз көзқарасын дәлелді түрде қорғай білу, қойылған сұрақтарға жауап бере білу, қорытынды жасай білу). Кәсіби жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениетін сақтау (логикалық және нақты құрылым, сөйлеудің анықтығы мен қысқалығы). Талап арыздарды дайындау.
- Шарттық қатынастардың нысандарын анықтау. Шарттардың жобаларын қарау. Контрагенттер кәсіпорынға ұсынатын келісімшарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру. Келісім-шарт жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдау. Шарттардың жекелеген түрлерін нотариалды куәландыруды және (немесе) мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз ету. Шарттық жұмысты талдау, оны қайта қарау және өзгерту бағдарламасын әзірлеу. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріндегі шарттық жұмыстардың жай-күйін тексеру.
Кәсіби қызметтің мазмұны
- құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуына жәрдемдесу;
- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға жәрдемдесу;
- құқықтық ықпал ету аясын кеңейту;
- құқықтық реттеу тетігін жетілдіру;
- құқықтық білім мен кәсіби дағдыларды тереңдету;
- халық арасында құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру;
- қазіргі заманғы прогрессивті саяси-құқықтық идеяларды тарату;
- заманауи заңнаманы сауатты қолдану.
Негізгі құзыреттерге қойылатын талаптар
Оқыту нәтижелері:
ОН1:Қоғамдық ғылымдардың әртүрлі салаларында базалық білімді меңгеру, академиялық адалдық принциптерін сақтау.
ОН2:Кәсіби терминологияны қолдану, нақты құқықтық жағдайда қолданылатын норманы дұрыс анықтау.
ОН3:Үштілділік жағдайында ауызша және жазбаша қарым-қатынастың жоғары деңгейін көрсету, ғылыми-зерттеу қызметінде академиялық жазу жанрларын қолдану.
ОН4:Толеранттылыққа, тәрбиеге, демократиялық құндылықтарға, академиялық адалдыққа, құқықтық санаға негізделген азаматтық ұстанымды таныту, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің экономикалық дамуының негіздерін білуге бағдарлану, құқық пен заңға құрметпен қарау, корпоративтік этика қағидаларын сақтау.
ОН5:Мемлекеттің пайда болу теорияларын талдау және қорытынды жасау, адам дамуының әртүрлі тарихи кезеңдерінде осы құқықтық құбылыстың пайда болу ерекшеліктерін анықтау; Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік басқарудың құқықтық аспектілерін жалпылау; «адамға бағдарланған» модельдің міндеттерін жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Конституциясының азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық қатынастар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке құқықтың құқықтық институттарымен байланысы саласындағы негізгі ережелерін талдау дағдыларын меңгеру.
ОН6:Ұлттық құқық салаларының қайнар көздерін салыстыру және жіктеу; әкімшілік, азаматтық және қылмыстық процестердегі іс жүргізудің мәнін, түрлері мен ерекшеліктерін анықтау; кәсіби қызметті жүзеге асыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану дағдыларын көрсету.
ОН7:Еңбек ресурстары мен жобаларды басқару, ұжымдағы жанжалды жағдайларды шешу, бизнестегі қызметті жоспарлау.
ОН8:Кәсіпкерлік қатынастар мен кәсіпкерлік қызметтің мазмұны туралы білімдерін көрсету.
ОН9:Бәсекелестіктің құқықтық нормаларын реттеу және монополиялық қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолдану.
ОН10:Қазақстандық және халықаралық заңнаманың қолданыстағы нормаларын іс жүзінде туындайтын жағдайларда, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды, оның ішінде кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерін ұйымдастыруға байланысты дауларды, сондай-ақ еңбек қызметі процесінде туындайтын дауларды шешуде басшылыққа алу және қолдану. .
ОН11:Заңды тұлғалар қызметінің барлық процестеріне құқықтық қолдауды қамтамасыз ету, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкердің жекелеген ұйымдық-құқықтық түрлері мен нысандарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін түсіну, құқықтық қатынастарға қатысушылардың қорғалу деңгейін анықтау.
ОН12:Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпорындағы шарттық-құқықтық жұмыстарды толық көлемде қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізетін тексерулер кезінде ұжымның адами мүдделерінің, кәсіпорынның құқықтық өміріндегі заңды мүдделерінің әртүрлі салаларын білдіру және қорғау.