Шифр: 6В01612
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сай, саяси, экономикалық, әлеуметтік процестердің барлық күрделілігін тарих ғылымы тұрғысынан бағдарлай алатын тарих пәнінің мұғалімін даярлау.
Берілетін академиялық дәреже: білім бакалавры, 6В01612 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша.
Біліктіліктер мен лауазымдардың тізбесі:
- тарих пәнінің мұғалімі;
- тарих пәнінің оқытушысы.
Кәсіби қызмет саласы:
Мектептегі және кәсіптік білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет, ғылыми-зерттеу жұмысы, басқарушылық қызмет.
Кәсіби қызмет объектілері:
меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық үлгідегі және түрдегі орта білім беру ұйымдары;
Кәсіби қызмет пәндері:
- инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, білім алушылардың оқу іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру;
- оқушылар ұжымын басқару;
- оқушыларды ынталандыру;
- консультациялық;
- әдістемелік және тәрбиелік жұмыс;
- білім беру саласындағы инновациялық қызмет;
- ғылыми-зерттеу жұмысы.