Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Жұмыс берушілермен кездесу

Ақп 17, 2023

2023 жылғы 16 ақпанда аға оқытушы Айгерім Тұрымжанқызы Узбайрованың жетекшілігімен «BESTkz» экскурсиялық бюросында Туризм білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

«BESTkz» экскурсиялық бюросы – Қостанай өңірінің ішкі туризм жөніндегі туроператоры. 2016 жылдың 16 маусымынан бастап жұмыс істейді. Бюроның ұжыммен Қостанай облысы бойынша 30-дан астам маршрут әзірленді, түрлі экскурсиялар дайындалды, олар көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Бұл біздің өлкемізді әйгілі еткен ұлы адамдар туралы өмірбаяндық экскурсиялар. Өткенге, көрнекті жерлерге, ұмытылған ескерткіштерге және айналаға серуендеу. Жаяу серуендеу, романтикалық экскурсиялар.

Кездесуді ұйымдастырушы Гумиров Валерий болды. Кіріспе сабағында гид-экскурсоводты дайындау ерекшеліктері талқыланды, шағын блиц-сауалнама және ойындар өткізілді. Студенттерге өте ұнады, белсенді қатысты.

Болашақта мұндай кездесулер аптасына 1 рет өткізіледі. Кездесулер кестесі оқудан бос уақытта қатысуға болатындай етіп жоспарланған.