2023 жылғы 1 желтоқсанда академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің гуманитарлық ғылымдар кафедрасының оқытушылары Д.З.Абдуллина, О.Ю.Никулин «Педагогика және психология», «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» білім беру бағдарламалары студенттерінің Қостанай қ. «Малика»,«Дене бітімі шектеулі адамдарға арналған оңалту орталығының» директоры Қарабекова Айгүл Қанатқызы кездесуін ұйымдастырды
Кездесу тақырыбы «Ерекше балалар. Аутизм «. Аутизм – барлық ата-аналар естуден қорқатын қорқынышты сөз. Соңғы уақытта бұл диагноз жиі кездесетін болды.
Аутизм – бұл нақты себебі бар белгілі бір ауру емес, басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасаудағы проблемалар нәтижесінде болатын бұзылулар тобы. «Малика» оңалту орталығында аутизм және басқа да психикалық бұзылулары бар балалар бар, оларға білікті мамандар көмек көрсетеді.
Айгүл Қанатқызы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, аутистік спектрдің бұзылуының себептері қандай, аутистер өмірде өзін қалай көрсетеді, осындай балаларға мемлекет қандай көмек көрсетеді және т.б. сұрақтарға жауап берді.
Әңгіме жастар аудиториясының қызығушылығын тудырды. Айгүл Қанатқызы күн сайын «ерекше» балалармен бетпе-бет келетін адам барлық қойылған сұрақтарға еш қиындықсыз жауап бере алды.
Біз Айгүл Қанатқызына өз жұмысына адалдығы, ашық жаны мен әрбір балаға көмектескені үшін зор алғысымызды білдіреміз!!!