Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64
Проспект Кобыланды батыра, 27
mail@kosstu.edu.kz
8 (7142) 55-42-64
8 (707) 255-42-64

Happy Science Workers Day!

Apr 12, 2023

Сізді жыл сайын елімізде арнайы атап өтілетін Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Адамның терең танымы мен тынымсыз тәжірибесі салтанат құратын ғылым саласы — аса маңызды да құрметті сала.

Осынау мерекелі шақта үнемі қажырлы еңбек пен тынымсыз ғылыми ізденіс үстіндегі сіздерге алғысымды жеткізгім келеді.

Ғылым мен жаңа технологиялардың дәуірі – ХХI ғасырда жаңаша ойлау мен креативті шешімдер қабылдау адамзат баласының аса ділгір мақсаты мен өзекті қажеттілігіне айналды.

Қазақстан ғылымының алдында да осындай үлкен міндеттер тұр. Табандылық пен ізденімпаздықты талап ететін маңызды миссияны абыроймен орындап келесіздер. Бұл Тәуелсіз Отанымыздың игілігіне орайымен жұмсалуда.

Жасампаз еңбектерінізді жоғары бағалай келе, Сіздерге амандық, бақ-береке және ғылым жолындағы жұмыстарынызға нәтижесі мол табыстар тілеймін!